Балабақшаға қабылдау тәртібі
- Ата-ана SmartNation балабақша порталы арқылы өтінім береді.
- Балаға ваучер рәсімделеді.
- Ваучер алғаннан кейін бала кезекке қойылады.
- Бос орын пайда болған кезде ата-анаға хабарлама жіберіледі.
- Ата-ана ұсынылған балабақшаны таңдайды.
- Қажетті құжаттарды ұсынады:
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Ата-анасының жеке куәлігі;
- №052-2/у денсаулық паспорты;
- №027/у медициналық анықтамасы;
- №065/е егу картасы;
- ПМПК қорытындысы (болған жағдайда).
- Баланы балабақшаға қабылдау кезінде ата-ана балабақшамен жасалатын келісімшартқа ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қол қояды.
- Келісімшартқа қол қойылып, құжаттар расталғаннан кейін бала балабақша тәрбиеленушілерінің қатарына қабылданады.
Ескерту: Ата-ана келісімшартқа уақытылы қол қоймаған жағдайда, ұсынылған орынның күші жойылуы немесе қабылдау рәсімі тоқтатылуы мүмкін. Сондықтан хабарламаларды уақытылы бақылап отыру қажет.