^Жоғары

Сайтқа кіру

nachodki.ru интернет-магазин

Балабақшаға қабылдау тәртібі

Балабақшаға қабылдау тәртібі

  1. Ата-ана SmartNation балабақша порталы арқылы өтінім береді.
  2. Балаға ваучер рәсімделеді.
  3. Ваучер алғаннан кейін бала кезекке қойылады.
  4. Бос орын пайда болған кезде ата-анаға хабарлама жіберіледі.
  5. Ата-ана ұсынылған балабақшаны таңдайды.
  6. Қажетті құжаттарды ұсынады:
    • Баланың туу туралы куәлігі;
    • Ата-анасының жеке куәлігі;
    • №052-2/у денсаулық паспорты;
    • №027/у медициналық анықтамасы;
    • №065/е егу картасы;
    • ПМПК қорытындысы (болған жағдайда).
  7. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде ата-ана балабақшамен жасалатын келісімшартқа ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қол қояды.
  8. Келісімшартқа қол қойылып, құжаттар расталғаннан кейін бала балабақша тәрбиеленушілерінің қатарына қабылданады.

Ескерту: Ата-ана келісімшартқа уақытылы қол қоймаған жағдайда, ұсынылған орынның күші жойылуы немесе қабылдау рәсімі тоқтатылуы мүмкін. Сондықтан хабарламаларды уақытылы бақылап отыру қажет.

Copyright © 2026. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АҚБОЛ» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ.


Facebook # #